«Мүлікті жария ету» туралы заңына енгізілген өзгерістер туралы

«Мүлікті жария ету» туралы заңына  енгізілген өзгерістер  туралы

Азаматтарымыздың қай саладағы болсын заңдаға өзгерістерден хабардан болып отырғаны жөн. Еліміздің «Мүлікті жария ету» туралы заңына өзгерістер енгізілген болатын. Осы орайда Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы м.а Байдулла  Кішібаевпен сүхбаттасып, заңға енгізілген өзгерістер жөнінде баяндап беруін сұраған едік.

-       Байдулла Жұнісбекұлы , бүгінгі таңда заңдастыру, жария ету жиі айтылуда, акция мерзімінің созылуы да көп жәйтті аңғартады . Алдымен ақша жария ету туралы айтып өтсеңіз

- Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария ету мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша құрылған комиссиялар таратылып, енді ешқандай өтініштер қарастырылып, шешімдер шығарылмайды. Оның орнына Мемлекеттік кірістер органдарында мүлкін жария етуге келген азаматтар мүлікті жария ету туралы арнайы декларациясын тапсыру керек.

 Ақшаны жария етуді екі түрде жүргізуге болады:

1.Ақшаны банк шотында көрсету арқылы. Ол кезде, 10 пайыз жария ету алымы төленбейді және банк шотында тұрған ақшаны кез-келген мақсатта жұмсауға болады. Мысалыға, бизнеске жұмсауға, жылжымайтын мүлік сатып алуға және т.б немесе банк шотынан шешіп алуға да болады.

2. Нақты айналымда жүрген ақшаны банк шотына салмай, жария ету арқылы. Алайда, бұл жағдайда 10 пайыз жария ету алымы төлену керек болады.  Сонымен қатар, осы екі жағдайда да мемлекеттік кірістер органдарына келіп арнайы декларациясын тапсыруы тиіс.

-          Айта кетерлік мәселе, 2014-2015 жылдары аралығында 2-ші деңгейдегі банктер арқылы алым төлеп ақшаны заңдастырған тұлғалардың алымдары кері қайтарылуға жатады.

-        Жылжымайтын мүлікті жария етуде қандай өзгерістер бар?

-        Биыл бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы аумағында тұрған және заңды түрде ресімделген мүлікті жария ету үшін, Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларациясын және ақпараттарды растайтын өзге де құжаттарды тапсырады. Ал, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік жария етілген жағдайда, осыған қосымша, жүгінуші тұлғаның өзі арнайы декларацияға белгілеген мүлік құнынан 10 пайыз алым төлейді. Мұндай жағдайда, мүліктің бағалау құнын растайтын құжат талап етілмейді.

-       Мемлекеттік кірістер басқармалары қабылдайтын «Мүлікті жария ету туралы арнайы декларацияларына» тоқталсақ. Олар келесі жағдайлар бойынша қабылданады: 1. «Банк шотына салу (аудару) жолымен жария етілетін ақша туралы»; 2.«Банк шотына салмай (аудармай) жария етілетін ақша туралы»; 3.«Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бағалы қағаздар туралы»; 4.«Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан бағалы қағаздар туралы»; 5.«Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі туралы»; 6. «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі туралы»; 7.«Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік туралы»; 8. «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік туралы»

-         Мүлікті жария ету алымы 10 пайыз мөлшерінде тек келесі жағдайларда алынады:

1.  Банк шотына салмай (аудармай) жария етілетін ақшаның сомасынан;

2.   Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан бағалы қағаздар құнынан;

3.Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінен; 

4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік құнынан.

-       Шет елде орналасқан жылжымайтын мүліктер бойынша биылдан бастап, мүліктің бағалау құны талап етілмейді, яғни алымның сомасы жүгінуші азаматтың декларацияда көрсеткен бағалау құнына сәйкес есептелінеді.

-             Мүлікті жария еткен азаматтар жөнінде мәліметтер алуға болады ма?

-       -- Жария ету акциясы мерзімінде Мемлекеттік кірістер басқармаларында, жүгінуші азаматтардың арыздары мен декларацияларын  қабылдауға және  іс қағаздарын сақтау үшін, тиісті құралдармен жабдықталған және арнайы жанбайтын сейфі бар жеке бөлмелер болады. Себебі, Жария ету акциясына қатысқан азаматтар бойынша мәліметтер мемлекеттік құпия болғандықтан, олар туралы мәліметтер ешкімге және ешқандай жағдайда жарияланбайды. Ол үшін ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес, 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

-             Түркістан қаласы  бойынша келіп түскен өтініш көп пе, заңдастырылғаны қанша?

-       -- Жергілікті атқарушы органның мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында   бүгінгі таңға дейін мүлікті жария ету бойынша жалпы құны   2 280 581 мың теңге, 142 өтініш келіп түсті. Оның ішінде тұрғын үй нысандары бойынша 5, тұрғын емес нысандар бойынша   137 өтініш келіп түскен. Жалпы заңдастырылғаны 87 , жалпы құны 1 947 081 мың теңге.

-       Әрбір бюджетке түскен қаржы еліміздің өсіп өркендеуіне, дамыған 30 елдің қатарына енуіне өзіндік үлесін қосатынын тұрғындарыдың білгені жөн. Сондықтан,  барлық қазақстандықтарды аталған акцияға белсене қатысуларын сұраймыз. Және мүліктеріңізді уақытылы заңдастырып, сол арқылы нысандардың еліміздің экономикасына жұмыс істеуін қамтамасыз етуге үлестеріңізді қосыңыздар дегім келеді.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…