Мүлікті жария ету – қөлеңкелі экономикаға тосқауыл

Мүлікті жария ету – қөлеңкелі экономикаға тосқауыл

     Жария ету үдерісі 2014 жылғы 1қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін аралығында елімізде мүлікті жария ету (заңдастыру) акциясы өткізілуде.

      Оны ұйымдастырудағы басты мақсат – ел экономикасына қосымша қаражат тартып, мемлекет дамуына үлес қосу.

       Яғни, банктерде жинаған қаржыңыз, жылжымайтын және жылжымалы мүлкіңіз ел игілігіне көмегін тигізуі тиіс. Яғни отандық экономиканың ішкі ресурстарын «көлеңкеден» шығаруға мүмкіндік тумақ.

      Аталған акцияны өткізудің алғашқы алғышарты – Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі айналымда қомақты қаржының жүргендігі. Оны жарыққа шығару керек. Сонымен қатар, акцияның негізгі мақсаты – жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражат тарту болып отыр.            «Жария ету туралы» Заңда мүлкін жария етушілердің әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктің қандай түрлерінен босатылатындығы нақты жазылған. Сондай-ақ, қандай қылмыстардың жауапкершіліктен босатылмайтындығы да жазылған. Қандай қылмысты жолдармен алынған мүліктердің жария етуге жатпайтындығы көрсетілген.

      Ал енді кепілдік беру мәселесіне келсек, заң бойынша жария ету барысында алынған мәліметтердің құпиялы болатындығына кепілдік берілген.

    Екіншіден, жария етуді жүргізу үдерісі барысында алынған мәліметтер негізінде мүлкін жария етуші субъектіге жария етілген мүліктің шегінде қылмыстық қудалаудың, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартудың болмайтындығы, мұндай әрекеттерге тыйым салатындығы жөнінде кепілдік берілген.

      Заңға сәйкес мүлікті жария ету үшін комиссияға төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

 1. Мүлiктi жария етуге өтініш, екi данадан;

2. Өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасын көрсету қажет;

 3.Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген сарапшының қорытындысы;

 4. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты.

     Заң бойынша рақымшылық аясындағы жария ету субъектілері үшін бірқатар кепілдіктер бар. Атап айтқанда, құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату қарастырылған.

      Екіншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

       Үшіншіден, мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынады.

       Бұдан бөлек, банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру нормасы енгізілген. Сосын жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынатын нормалар да бар.

   Сонымен қатар, ақшаны жария ету бойынша 3 опция ұсынылады.

     Біріншіден, банк шоттарына олардың сақталуы бойынша міндеттемесіз, алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етуіне қарай аударуға мүмкіндіктер көзделеді.

   Сонымен қатар, банк шотына 10 пайыз мөлшерінде алымды төлемей-ақ аудару қарастырылған.

     Сосын «Астана» халықаралық қаржы орталығына жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігі де беріліп отыр, одан да алымдар алынбайды.    «Көлеңкелі экономика» айналымының орын алуы кез келген ел үшін теріс салдарлы. Заңсыз мүліктің артуы, «көлеңкелі экономиканың» пайда болуы қоғамдағы құндылықтар жүйесін бұзып, құқықтық немқұрайлыққа әкеп соғады. Заңды экономикалық айналыстан шығарылған мүлік елдің дамуына үлес қоспағаны былай тұрсын, мемлекеттің жалпы экономикалық дамуындағы көрсеткіштері мен дамуының шынайы бейнесін бұрмалайды. Бұл өз кезегінде елдің даму көрсеткіштеріне нақты болжам жасауға мүмкіндік бермей, шынайы жоспар құруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан экономикалық санда жоқ мүліктің теріс әсері екі жақты. Не мемлекетке, не иесіне пайдасы жоқ. Санатта жоқ мүліктен салық түспейді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында қабылданып жатқан шаралар бұрынғыдан өзгерек.

       Аталған шараға барлығымыз ат салысайық!

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…