Мүлікті жария ету мерзімі шектеулі

Мүлікті жария ету мерзімі шектеулі

Елімізде мүлікті жария ету мерзімі бір жылға, яғни 2016 жылдың 31 желтоқсан айының 31 дейін ұзартылды. Қазақстан республикасы аумағында орналасқан мүлікті жария етуге өтініш 2016 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Заңның 7-бабында мүлікті жария ету жария ету субъектілерімен комиссияға құжаттар тапсыруы арқылы өткізілетіндігі айтылған. Атап айтқанда, мүлікті (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, салық органына жария ету субъектілерінің манадай құжаттарды:                                                

- осы заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге арналған өтінішті (бұдан әрі-өтініш);                                                      

- өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәлландыратын құжаттың көшірмесін; 

- осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыру арқылы өткізіледі. Жария ету субъектілері осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды:                                   

Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлік бойынша (ақшадан басқа)-жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына;                                                

Қазақстан республикасының аумағында тұрған мүлік бойынша (ақшадан басқа)-мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.  Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс.                                       

Жария ету субъектілері, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзімі ішінде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтініш беруге құқылы емес. Мүлікті  (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептері көрсетіле отырып, мынадай:                                                                                                                

- осы Заңда белгіленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;                            

- ұсынылған құжаттарды өшіріп тазалау мен түзетулер болған;                               

- ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы Заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады. Мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негіз болған себептерді жойған кезде адам осы Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі ішінде қайтадан өтініш беруге құқылы. Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Мүлікті  (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайды. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде:                                                                              

- мүлікті  (ақшадан басқа) жария ету туралы шешім шығарады;                                

- жария ету субъектісіне мүлікті  (ақшадан басқа) жария ету туралы шешімді береді;                      

- жария етілген мүліктің тізіліміне мәліметтерді енгізеді.                   

Комиссия, салық органы мүлікті жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады. Мүлікті  (ақшадан басқа) комиссияның, салық органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. Мемлекеттік тіркелуге жататын мүлік жария етілген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтініші негізінде Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ресімдейді. Жария етілген мүлік жөнінде ұсынылатын мәліметтердің толықтылығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініштер, Түркістан қаласы әкімі аппараты ғимаратының бірініші қабатында қабылдануда. Байланыс телефоны 4-12-51 және 3-12-19 

                         Қала әкімінің орынбасары,

                         Мүлікті (ақшада басқа) жария

                         ету комиссиясының төрағасы                                            Д.Тәңірбергенов

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…