Мүлікті жария ету мүмкіндігін өткізіп алмайық.

 
Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. 
Тиісті өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіл­ген бұл заң мүлікті жария етуді жүзеге асы­рудың жаңа процедуралық ерекше­лік­терін айқындап берді. Яғни мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен са­лыс­тырғанда, көптеген жеңілдіктер қарас­ты­рылған. Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзар­ты­лып, ел арасында түсіндіру жұмыстары кеңі­нен жүргізіліп жатыр.
Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әң­гі­ме қозғаған кезде, «Қандай жеке құн­ды­лық­тар жариялау арқылы заңдастыруға жа­та­ды?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Атал­мыш сұрақтың жауабы өзіміз сөз етіп отырған заңның 3 бабында нақты айқын­дал­ған. Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заң­ды тұлғаның жарғылық капиталындағы үле­сі, басқа біреудің атына рәсімделген жыл­­­жымайтын мүлік, еліміздің терри­то­рия­сындағы ғимарат, шетелдегі жыл­жы­май­тын мүліктер мен қаржылар жариялау ар­қылы заңдастыруға жатады. Осы орайда пай­­далану құқығы сотпен қаралып жатқан мү­ліктер, несиеге алынған қаражат, мем­ле­кет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қа­­ражатына салынған обьектілер, жемқор­лық­пен байланысты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпай­ты­нын еске сала кеткен орынды. Сонымен қа­тар мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, жылжымайтын мүліктерге байла­ны­сты құжаттарды қабылдау уақыты 30 қа­ра­шада аяқталады. Сондықтан мүм­­­кіндікті тиімді пайдаланудың бір жылға да жетпейтін мерзімі қалғанын ұмытпағанжөн.
         Жылжымайтын мүлкін заңдастырамын деуші азаматтар аталмыш Заңның 7-бабына сәйкес:
1) осы Заңға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі өтініш);
      2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
      3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
Яғни, мүлікті жария етуге қатысты жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын, объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын әзірлеуге қатысты қаражатты мүлік иесі өз қаражатынан төлейді.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініштер, Түркістан қаласы әкімі аппараты ғимаратының бірініші қабатында қабылдануда. Байланыс телефоны 4-12-51 
Мүлікті (ақшадан басқа) жария
ету комиссиясының хатшысы                                                                        А.Қайқыбаев
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…