Мүлікті жария ету туралы

 Мүлікті жария ету туралы
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияры бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңы 2014 жылы 30 – маусымда қабылданған болатын. Аталған заң мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияры бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
         Атап айтатын болсақ, рақымшылық жасауға жататын:
                1. ақша
                2. бағалы қағаздар
                3. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі
                4. ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік.
                5. Жер учаскесінің нысаналық мақсатына, құрылыс нормалары сәйкес келетін тұрғын үй, құрылыстар, ғимараттар.
                6. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде тұрған жылжымайтын мүліктерді жария етуге жатады.
Мүліктерді жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталды және 2016 жылдың 31 желтоқсанда аяқталды. Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 30 қарашада аяқталады. Жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты қаламызда комиссия құрылған. Түскен өтініш комиссия отырысында қаралады. Комиссия өтініш негізінде мүлікті жария ету туралы шешім шығарады, жария ету субъектісіне жария ету туралы шешімді береді және жария етілген мүліктің тізіліміне мәліметтерді енгізеді.  
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініштер, Түркістан қаласы әкімі аппараты ғимаратының бірініші қабатында қабылдануда. Байланыс телефоны 4-12-51 
Қала әкімінің орынбасары,
Мүлікті (ақшадан басқа) жария
ету комиссиясының төрағасы                                    Д.Тәңірбергенов
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…