МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ 2014-2016

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы №400-V Заңымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы  бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжат Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады.Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, рақымшылық аясындағы жария ету субъектілері үшін бірқатар кепілдіктер көзделеді. Атап айтқанда, құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату қарастырылады. Екіншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. Үшіншіден, мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру нормасы енгізіліп отыр. Сосын жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынатын нормалар да бар.
Жылжымайтын мүлкін заңдастыруға өтініш қабылдау мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды. Түркістан қаласында жылжымайтын мүлікті заңдастыруға өтінішті қабылдау Есімхан алаңы №3, Түркістан қаласы әкімі аппаратының 1-қабатында қабылдануда. Байланыс телефоны 4-12-51.  
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…