ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ І-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Бюджет

 

Бюджеттің кіріс бөлігі 11 млрд. 930,3 млн. теңгеге жоспарланып, 12 млрд. 018,5 млн. теңгеге орындалды, 100,7 пайыздық көрсеткішке, немесе жоспар 88,2 млн. теңгеге асыра орындалды.

Оның ішінде өзіндік жергілікті түсімдер 892,1 млн. теңгеге жоспарланып, 978,2 млн. теңгеге немесе жоспар 86,1 млн. теңгеге асыра орындалып, 109,7 құрады.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Есепті кезеңде жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 4 млрд. 986,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен (4 млрд. 774,5 млн.теңге) салыстырғанда нақты көлем индексі 109,0 пайызды құрады. Оның ішінде,кен өндіру өнеркәсібі 191,9 млн.теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 72,4 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі 4 млрд. 055,9 млн.теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 107,5 пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру 510,7 млн.теңгені, нақты көлем индексі 82,3 пайызды, сумен жабдықтау 228,3 млн.теңгені, нақты көлем индексі 93,8 пайызды құрады.

Шағын және орта бизнес

Белсенді шағын және орта бизнес субъектілері саны 16518 (16453), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайыз, оның ішінде заңды тұлғалар- 445 (340), дара кәсіпкерлер -12165 (10386), шаруа қожалықтары – 3908 (5727).

Жұмыспен қамтылған адам саны 32368 құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,0 пайызға артты.

Өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 27 млрд.534,3 млн.теңгені, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8% құрады, оның ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 3490,7 млн.теңге (үлесі 12,7%), ауылшаруашылық өнім көлемі 5689,0 млн.теңге (20,7%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 3889,4 млн.теңге (14,1%), көлік және байланыс қызметі – 415,0 млн.теңге (1,5%), сауда саласы -12018,0 млн.теңге (43,6%), қоғамдық тамақтану, қонақ үйлер қызметі -165,6 млн.теңге (0,6%), басқа да қызмет түрлері 1866,6 млн.теңге (6,8%).

Ауыл шаруашылығы

Есепті мерзімде, 5 млрд. 689,0 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артық.

Оның ішінде мал шаруашылығы 5 млрд. 579,2 млн.теңгені құрап, 103,4 пайыз, егін шаруашылығы 109,8 млн.теңгені құрап, 100,0 пайыз болды.

Есепті мерзімде, 40882 жер игерілді (жоспар 39,6 мың гектар).

Жаңадан 1750 гектар суармалы жерді іске қосу жоспарланып, 1211,7 га жер айналымға қосылды, 69,2 пайыз.

Үй іргелік жерлерді игеру жоспары 3200 гектар болса, 3231 гектар игеріліп, 101,0 пайызға орындалды.  

Терең қопсыту әдісімен 6500 гектар жер игерілді (жоспар 6500 га).

Жаңадан 69 бірлік ауылшаруашылығы техникалары алынып, жылдық жоспар (79 бірлік) 87,3 пайызға орындалды.

7,39 га жылыжай салынып, жылдық тапсырма (7 га) 105,6 пайызға орындалды. Жалпы жылыжай көлемі 37,65 гектарға жетті.

Тамшылатып суару әдісі 1921 гектар жерге енгізіліп, жылдық тапсырма 160,1 пайызға орындалды (1200 га).

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1583 ірі қара мал алынып, тапсырма (2000 бас) 79,2 пайызға орындалды.

155 мал бордақылау алаңы іске қосылып, жылдық тапсырма (204 бірлік) 76,0%-ға орындалды.

35 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары құрылып, тапсырма (33 бірлік) 106,1 пайызға орындалды.

3 сүт қабылдау бекеттері (Ескі Иқан, Шаға, Шорнақ ауылдары) құрылып, тапсырма 100 пайызға орындалды, жалпы 8 сүт қабылдау бекеттері бар.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 141 бас жылқы (жоспар 100 бас) алынып, жылдық жоспар 141,0 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2745 бас қой алынып (жоспар 2000 бас), жылдық тапсырма 137,3 пайызға орындалды.

Мал өнімдері: 6029,2 тонна ет өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға, сүт 31894,6 тонна өндіріліп, 5,3 пайызға, жұмыртқа 5464,0 мың дана өндіріліп, 2,5 пайызға, жүн 737,4 тонна, 2,6 пайызға артты.

Мал басы бойынша ірі қара мал 82,2 мың басты құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға, қой-ешкі 459,8 мың бас, 10,4 пайызға, жылқы 9,7 мың бас, 20,3 пайызға, түйе 2,9 мың бас, 37,0 пайызға, құс 87,2 мың бас, 14,6 пайызға артса, шошқа 1,7 мың бас немесе 91,8 пайызды құрады.

Жайылым жерден 15 бірлік құдық қазу, 1 бірлік СТК (Ескі Иқан ауылы, «Агронұр» СТК), 2 бірлікшағын құс фермасын (Бабайқорған, Үшқайық ауылдары) құру жоспары 100 пайызға орындалды.

Әлеуметтік сала

Қала халқының саны 254,6 мың адамды құрады (қала-158,5 мың адам, ауылдарда-96,1 мың адам). Оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық 93,3 мың адам.

Жұмыссыздар саны 4662 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз (2014 жылы 6 айында -5,5 пайыз) болды.

Жаңадан 694 жұмыс орны ашылды, оның ішінде өнеркәсіп саласында -249, білім -83, денсаулық-107, сауда-29, құрылыс- 54, ауыл шаруашылығы- 37, басқа да салаларда-135.

Жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 1972 азаматтың 1526-ы жұмыспен қамтылып, жұмысқа орналасқандардың үлесі 89,9 пайызды құрады.

«Жұмыспен қамту-2020» арқылы І-бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту» бойынша 35 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 24 азамат қамтылған.

2-бағыт «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 26 адам 75,5 млн.теңгеге шағын несие алу жоспарланып, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 67 азамат 168,9 млн.теңге несие қаржы алған.

3-бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу» бойынша әлеуметтік жұмысқа 84 (116%), жастар практикасына-65 (100%), кәсіби даярлауға-10 (100%), тұрақты жұмысқа-1244 (132,6%) адам қамтылды.

Ресми жұмыссыздар саны 568 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,60 пайызды құрады (2014 жылы 6 айда - 337 адам, 0,39 пайыз).

Денсаулық сақтау

        

2015 жылы денсаулық саласының нысандарын күрделі   жөндеу жұмыстарына   109,0 млн. теңге жоспарланып отыр, оның ішінде   Түркістан қалалық емханасының №2 филиалына   37,3 млн. теңге, «Эмаль» тіс емханасына 42,1 млн.теңге, «Бірлік» дәрігерлік емханасына 29,6 млн. теңге.  

Түркістан қаласында дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 17,4 (облыс көрсеткіші – 26,2). Мейірбикелермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 56,9 (облыс көрсеткіші – 79,9).

2015 жылдың 6 айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жас нәрестелер шетінеу көрсеткіші 1000 туылған балаға шаққанда 15,4- тен 7,8-ге төмендеді (2014 жылы 6 айда туылғаны 3694 бала, шетінегені 57 бала, 2015 жылы 6 айда туылғаны 3559 бала, шетінегені 28 бала).

Білім саласы

Білім беру саласы есепті мерзімде 7 млрд. 804,6 млн.теңгеге қаржыландырылып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,0 пайызға артты.

Білім беру саласының құрылыстарына 990,7 млн.теңге игерілді, атап айтқанда, Жабаев атындағы 300 орынды мектеп құрылысына 185,1 млн.теңге, 300 орынды Шыпан орта мектебіне 224,1 млн.теңге, 120 орынды Бекзат мөлтек ауданындағы балабақша құрылысына 193,6 млн.теңге, Қызыл Орда тас жолы бойындағы 280 орынды балабақша құрылысына 346,5 млн.теңге, Үшқайық ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысын аяқтауға 16,2 млн.теңге, Сатыпалды көшесіндегі 280 орынды балабақша құрылысына 20,0 млн.теңге.

2014-2015 оқу жылында мектеп бітіруші 2430 түлектердің 1003-і ҰБТ тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша 1003 оқушының орташа білім көрсеткіші - 85,0 балды құрады (81,65 балл).

127 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер ішінен 69 оқушы (54,3%), 39 «Үздік» аттестат алуға үміткерлер ішінен өз білімін 29 оқушы (74,4%) растады. Өткен жылы 46 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік» аттестат алған болатын.

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 21255 құрайды. Жалпы 43 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 28 балабақшада 5197 бала, 15 жекеменшік балабақшада 1620 бала, 63 шағын орталықтарда 9605 бала, барлығы16422 бала балабақшамен қамтылып, 77,3% құрап отыр.

                                                          

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртубойынша 4 көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстарына 30,1 млн.теңге қаралып,25,0млн.теңгесі игерілді.

Газбен қамтамасыз ету құрылыстарына 1161,4 қаралып, есепті мерзімде 526,0 млн.теңге игерілді. Атап айтқанда:

-«Бейнеу-Шымкент» магистралды газ өткізгішінің 1285 шақырымындағы №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ таратушы стансасының және автоматтандырылған газ таратушы стансасынан Ескі Иқан елді мекеніне дейін газ жеткізгіш құбырының құрылысына 376,0 млн. теңге;

-қаладағы квартал ішіндегі тарату газ өткізгіш жүйесінің құрылысына 150,0 млн.теңге.

Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету (200,0 млн. теңге), Түркістан қаласындағы 110/35/10 кВ «Коммунальная» қосалқы стансасының құрылыстарына (1072,2 млн. теңге) 1272,2 млн. теңге бөлініп, есепті мерзімде 734,1 млн.теңге игерілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,2,3,4,5,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылысын аяқтауға 12,9 млн. теңге (қаралғаны 148,4 млн.теңге), Түркістан қаласына дейін су өткізгіш имараты түйіннен су ақының құрылысына (қаралғаны 787,2 млн. теңге) 439,4 млн. теңге игеріліп, құрылыстары жүргізілді.

Түркістан қаласының көшелік су өткізгіштер тораптарының құрылысына (1,7,8) 1113,0 млн.теңге қаралып, есепті мерзімде 661,7 млн.теңгесі игерілді. Тұрғындарды ауыз сумен қамту 85,4 пайызды құрады.

Автокөлік жолдары

Түркістан қаласында 1365 көше, оның ішінде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар. Ағымдағы жылы қала көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 262,7 млн.теңге қаралып, 88,6 млн.теңгесі игерілді.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…