ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 2014-2016

Байланыс телефондары: 8 (7252) 247455; 8 (7252) 247457;

Жекешелендіру – жауапты жұмыс

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жекешелен­дірудің қажеттілігіне үлкен мән бере келіп, Үкіметтің алдына бірнеше міндет тапсырған болатын. Осыған орай, елімізде жекешелендірудің екінші толқыны аясында республика бойынша мемлекеттік меншіктегі ұйымдарды жекешелендіру жұмыстары жалғасуда.

Жекешелендірудің мақсаты – мемлекеттің қатысуымен құрылған ұйымдардың санын азайту арқылы шағын және орта деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға мүмкіндік беру. Бұл дегеніміз, жекешелендіру экономикадағы мемлекеттің үлесін азайтуға бағытталған шара болып табылады. Кешенді жоспар бойынша, алдымен коммерциялық кіріс түсіруге бейімделген мемлекеттік компаниялар жекешелендіріледі. Екіншіден, стратегиялық маңызы жоқ бейінді активтер жеке секторға өткізіледі.

Жекешелендіру жоспары мемлекеттік меншіктің құрамын және құрылымын оңтайландыру бағытында мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шараларды көздейді.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен кешенді жоспарына сәйкес жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қатысу үлесі бар 28 заңды тұлғалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамындағы     4 ұйым бәсекелестік ортаға берілуі тиіс.

Осыған сәйкес жергілікті атқарушы органдары тарапынан коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін және заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру туралы қаулылары бекітілген.

Бекітілген сату кестесіне сәйкес өткен  жылы облыс бойынша жекешелендіруге жататын 6 ұйым электрондық сауда-саттыққа қойылып, оның  5-уі 73926,14 мың теңгеге сатылды.  Олар, Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі «Техникалық инспекция» ЖШС-нің 51 пайызы 2014 жылдың                     2 шілдесінде 1063,8 мың теңгеге, Кентау қаласының коммуналдық меншігіндегі «Сәулет және қала құрылысы» ЖШС-нің 50 пайыз мемлекеттік қатысу үлестері 30 қыркүйекте 95,9 мың теңгеге электронды сауда-саттықтың ағылшын әдісімен сатылса, облыстық коммуналдық меншіктегі «Оңтүстік көлік» ЖШС-нің                    100 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі 2015 жылдың 30 қаңтарында 3116,44 мың теңгеге электронды сауда-саттықтың голланд әдісімен сатылды.

Сондай-ақ, облыстық коммуналдық меншіктегі «Алатау» шаңғы базасы» ЖШС-інің 100 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі коммерциялық тендер әдісімен электрондық сауда-саттыққа қойылып, 2014 жылғы  29 қазанда  61950,0 мың теңгеге сатылды. Тендерге қойылған шартқа сәйкес «сатып алушы» «Алатау» шаңғы базасының қызметін ары қарай дамыту мақсатында жекешелендіруден кейінгі 2 жыл ішінде 150,0 млн. теңге көлемде аталған нысанға инвестиция салуға, серіктестіктің кредиторлық берешегін өтеуге, серіктестіктің қызмет бағытын сақтауға, қосымша жұмыс орнын құруға және тағы басқа шарттарымен сатылды.

Сонымен бірге, Шардара аудандық коммуналдық меншігіндегі «Шардара балық питомнигі» ЖШС-нің 100 пайыз мемлекеттік үлесі өткен жылдың                      28 қарашасында  коммерциялық тендер әдісімен сауда-саттыққа қойылып, 7700,0 мың теңгеге сатылды. Коммерциялық тендердің шарттарына жекешелендіруден кейінгі 2 жыл ішінде 100,0 млн. теңгеден аз емес көлемде аталған нысанға инвестиция салу, жекешелендіру обектісіне тартылатын инвестиция көлеміне банктік кепілдік, өндіріс тоғанды қалпына келтіру және оны 3 жыл көлемінде балықпен қамтамасыз ету арқылы балық тәлімбағының қызмет бағыты мен жұмыс орнын сақтап қалу және 30 жаңа жұмыс орнын ашу, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін кредиторлық берешегін (6 100 787  теңге) өтеу және тағы басқа шарттар қарастырылған.

2014 жылы үш рет коммерциялық тендерге қойылып, өткізілмей қалған «Жәрдем Шаруа» ЖШС-нің 100% мемлекеттік үлесі 2015 жылы да екі рет коммерциялық тендерге қойылып, қатысуға ниет білдірушілердің болмауына және кредиторлық қарыздың болуына байланысты сауда-саттық өткізілмеді деп танылған.

Ал, 2015 жылы облыс бойынша коммуналдық меншіктегі 8 ұйымды бәсекелестік ортаға беру жоспарланған болатын.

Бүгінгі таңда бұл бағытта мынадай  жұмыстар атқарылуда:

-  бес мекеменің мемлекеттік үлестері электрондық сауда-саттық арқылы жалпы 449842,9 мың теңгеге, атап айтқанда «ЛТД Тұрмыс» ЖШС (51%)-379605,0 мың теңгеге, «Жасыл Кентау» ЖШС (50%) – 1236,7 мың теңгеге, Түркістан қаласының «Муниципалдық базар» ЖШС (100%)- 64366,1 мың теңгеге, «Мақтаарал–Жасыл желек» ЖШС (100% )- 4076,7 мың теңгеге, Төлеби ауданындағы «Өркен» МКҚК – 558,4 мың теңгеге сатылды;

-  «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ мекемесі бойынша  мүлікті бағалау жұмыстары жүргізілуде;

-  «Оңтүстік Қазақстан салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мекемесі бір рет электрондық сауда-саттыққа шығарылып, қатысуға ниет білдірушілердің болмауына байланысты сауда-саттық өткізілмеді деп танылған;

-        «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК  мекемесін жекешелендірілетін ұйымдар тізбесінен шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Жекешелендіру аясында сатып алуға әлеуеті жеткілікті кез-келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алатынын  тағы да назарыңызға саламыз. Жекешелендірудің екінші толқыны бойынша хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдар беттерінде ұдайы жарияланып, интернет ресурстары арқылы Мемлекеттік Тізілімге алынған.Қосымша ақпаратты  Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағынауданы, Астана даңғылы, н/з үй,  906 кабинеті немесе 8 (7252) 24-74-57 телефоны арқылы алуға болады.

Қорыта келе айтарымыз бұл шара барысында керекті-керексіз, бірақ мемлекеттік бюджет қаржысын алып отыратын біраз ұйымдардың санын қысқартып екшейміз. Ең бастысы бұл жекешендірудің ашық түрде аукционға шығарылу арқылы өткізілетіндігін есепке алсақ, барлығы халыққа белгілі болып отырады. Бұл халықтың, кәсіпкерлердің белсенділігін арттыратын қадам болғандықтан мұны қолдауға тиіспіз. Көзін таба білсе жекелеген компаниялардан түсетін түсім мол. Өркениетті елдердің денінде мұндай қадам бар. Сондықтан сауатты жүйелей алсақ, бұл қадам арқылы мемлекет қаржысының текке желге ұшпауына, халықтың іскерлік қабілетінің артуына, жекелеген тұлғалардың кәсібінің дөңгелеуіне елде жағдай жасалады. Жекешелендіру дегенде бұл жерде мемлекет барлығын тұтастай жекенің қолына ұстата салмайды. Тек екшелеп, зерттеп, таразылап барып, бақылау пакетінің қандай да бір бөлігін мемлекет қарамағында қалдырып осындай қадамға барады.

Жекешелендірудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы дағдарысы қыспаққа алған уақытта мемлекет Ұлттық қордан ақша бөліп, жекенің меншігіндегі активтерді қолдағанын, бұл мәжбүрліктен туған қадам болғанын атап көрсетті. Ендігі жағдай бөлек, тұрақтылық пен өсім қалыптасты, жеке сектор күш алды. Мұндай кезде мемлекеттің активтерді басқаруы тиімсіз. Президенттің жекешелендірудің екінші толқыны басталатыны туралы мәлімдеуі осыдан туындап отыр. Жекешелендіру – жаппай сату науқаны емес. Саналы түрде сараланған сала экономикаға сәл де болсын пайда әкелуі шарт. Жекешелендіруге кез келген бизнес өкілдері қатыса алады. Әрі осы науқанның аясында «Халықтық IPO» бағдарламасы да жүзеге асады. Ең бастысы, мемлекет экономиканың көлеңкелі қаржы айналымын анықтап, оны ашық нарыққа шығуына мәжбүрлейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен кешенді жоспарына сәйкес жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қатысу үлесі бар 28 заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамындағы 4 ұйымды бәсекелестік ортаға беру жоспарланған. Осы кезеңдегі жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді және жекешелендіруге жататын заңды тұлғалардың тізімі анықталды. Аймақта бұл үрдістерді бақылайтын коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілері мен заңды тұлғаларды оңтайландыру мәселелері бойынша аймақтық комиссия құрылды. Бекітілген сату кестесіне сәйкес өткен 2014 жылы жекешелендіруге жататын 6 ұйым электрондық сауда-саттыққа қойылып, оның бесеуі 73926,14 мың теңгеге сатылды. Бір нысан («Жәрдем Шаруа» ЖШС) үш рет коммерциялық тендерге қойылып, қатысушылардың болмауына байланысты өткізілмеді деп танылған. Қазіргі таңда нысан төртінші рет сауда-саттыққа қойылуда. Ал, 2015 жылы жоспарланған коммуналдық меншіктегі 8 ұйымды және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамындағы 2 ұйымды бәсекелестік ортаға беру бойынша келесі жұмыстар атқарылуда: * екі кәсіпорын (Түркістан қаласының «Муниципалдық базар» ЖШС, «Жасыл Кентау» ЖШС) бірінші рет ағылшын әдіспен өтетін электрондық сауда-саттықтарға шығарылған және бір кәсіпорын («ЛТД Тұрмыс» ЖШС) екінші рет ағылшын әдіспен өтетін электрондық сауда-саттыққа шығарылған (сауда-саттық, сәйкесінше, 2015 жылдың 17, 14 және 8 шілде күндері өткізіледі). * үш мекеме бойынша («Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ, «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК) мүлікті бағалау жұмыстары басталды. * бір мекеме бойынша (Төлеби ауданының «Өркен» МКҚК) бағалау жұмыстары 1.06.2015ж. аяқталды. Қазіргі таңда электрондық сауда-саттыққа қоюдың алдынғы процедуралары жүргізілуде. - бір мекеме («Мақтаарал–Жасыл желек» МКК) ЖШС ретінде қайта құрылып, қазіргі таңда мүлікті бағалау жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты «Иран Бақ-Оңтүстік» ЖШС-гі бойынша «Оңтүстік-Шымкент» ӘКК-дан «Шымкент» ӘКК-нің құрамына беру бойынша жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Оңтүстік-Шымкент» ӘКК-сы серіктестікті «Шымкент» ӘКК-ке беру туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда «Шымкент» ӘКК-ны тарапынан серіктестікті қабылдау туралы шешім қабылдануда. Одан кейін сыйға тарту келісім-шартты жасалуы тиіс. Сауда-саттық ағымдағы жылдың қазан айында жоспарлануда. Мемлекет басшысы жекешелендірудің екінші кезеңіне айрықша мән беріп отыр. Ол атқарушы билік өкілдеріне бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап көрсетті."...Бірінші жекешелендірудің қалай өткенін біз білеміз. Қазір жерді де, мүлікті де кері қайтарып алуға тура келуде. Енді бұған жол беруге болмайды”, – деді Елбасы. Сонымен бірге, Елбасы жекешелендірудің барынша ашық, жария түрде өтуін қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Біздің облыста сауда электронды түрде өткізілуде. Бұл сатушы мен сатып алушының арасындағы болуы ықтимал қолайсыздықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір ақпараттық жүйе жедел дамыған заман. Барлығын үкіметтік портал арқылы жүзеге асыруға болады. Мұнда халық мемлекеттік органдарға бармай-ақ, үйде немесе жұмыста отырып, кез келген мемлекеттк қызметті ала алады. Бұл қызметтің бір ерекшелігі – жемқорлықтың алдын алу, уақыт үнемдеу деген сияқты мәселелерді шешіп отыр. Осыған орай бұқаралық ақпарат құралдарындағы бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, сауда-саттыққа еліміздің кез келген ниет білдірушісі интернет веб-порталы арқылы емін еркін түрде қатыса алатынын тағы да естеріңізге саламыз және әлеуетті сатып алушыларды жекешелендіру бағдарламасына белсенді қатысуға шақырамыз.

Жекешелендірудің екінші толқыны

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен кешенді жоспарына сәйкес жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қатысу үлесі бар 28 заңды тұлғалар мен  кәсіпорындарды және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамындағы 4 ұйымды бәсекелестік ортаға беруі тиіс.
Бекітілген сату кестесіне сәйкес өткен 2014 жылы жекешелендіруге жататын 6 (алты) ұйым электрондық сауда-саттыққа қойылып, оның 5-уі (бесеуі)  73926,14 мың теңгеге сатылды.
Бір нысан («Жәрдем Шаруа» ЖШС) үш рет коммерциялық тендерге қойылып, қатысушылардың болмауына байланысты өткізілмеді деп танылған. Қазіргі таңда нысан төртінші рет сауда-саттыққа қойылуда.

Ұйымның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері, %

Қызмет түрі

Сауда-саттықтың түрі

Сатылу бағасы, мыңтеңге

Ескерту

1

«Сәулет және қала құрылысы» ЖШС

50%

Инжинирингтік қызметтер

Электрон-дық аукцион

95,91

2

«Техникалық инспекция» ЖШС

51%

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, жолларды, инженерлік құрылыстарды жөндеу және қайта жөндеу бойынша қызметтер

Электрон-дық аукцион

1063,81

3

«Шардара балық питомнигі» ЖШС

100%

Балық шаруашылығы

Коммециялық  тендер

7700,00

4

«Алатау» шаңғы базасы» ЖШС

100%

Туризм саласында қызмет көрсету

Коммециялық  тендер

61950,00

5

"Оңтүстік көлік" ЖШС

100%

Сауда орындарын жалға беру

Электрон-дық аукцион

3116,44

6

«Жәрдем Шаруа» ЖШС

100%

Ауылшаруышылық өндірушілерге қызмет көрсету

Коммециялық тендер

Сатылмады

Қатысушылар-дың болмауына байланысты коммерциялық тендер үш рет  өтпеді деп танылды. Нысан төртінші рет сауда-саттыққа қойылуда.

2015 жылы коммуналдық меншіктегі 8 ұйымды және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамындағы  2 ұйымды бәсекелестік ортаға беру жоспарланған.
Бүгінгі таңда келесі жұмыстар атқарылуда:

  1. бір кәсіпорын электрондық сауда-саттыққа шығарылған (сауда-саттық 2015 жылдың 29 мамыр күні өткізіледі).

Ұйымның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері, %

Ескерту

1

«ЛТД Тұрмыс» ЖШС

51%

51% мөлшеріндегі мемлекеттік үлес сауда-саттыққа шығарылған. Аукцион 2015 жылдың 29 мамыр күні өткізіледі.

  1. бес мекеме бойынша мүлікті бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Ұйымның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері, %

Ескерту

1

«Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК

мүліктік кешен

Мекемеге бағалау жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу арқылы бағалаушы анықталып, бағалау есебін жасау бойынша келісім-шарттар түзілген.  Қазіргі таңда бағалау жұмыстары жүргізілуде.

2

«Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ

51%

Мекемеге бағалау жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу арқылы бағалаушы анықталып, бағалау есебін жасау бойынша келісім-шарттар түзілген.  Қазіргі таңда бағалау жұмыстары жүргізілуде.

3

«Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК

100%

ЖШС-і ретінде қайта құрылған, қазіргі уақытта мемлекеттік үлесті бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде

4

Түркістан қаласының «Муниципалдық базар» ЖШС

100%

мемлекеттік үлесті бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде

5

Төлеби ауданының «Өркен» МКҚК

мүліктік кешен

мемлекеттік заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде бағалау жұмыстары жүргізілуде.

  1. екі мекеме бойынша ЖШС-ға қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, қажетті құжаттар әділет органдарына тіркеу үшін жолданған.

Ұйымның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері, %

Ескерту

1

«Жасыл Кентау» МКК

100%

ЖШС-ға қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, қажетті құжаттар әділет органдарына тіркеу үшін жолданған

2

«Мақтаарал–Жасыл желек» МКК

100%

МКҚК-ны ЖШС-ға айналдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2015 ЖЫЛЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТАТЫН КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ САТУ КЕСТЕСІ

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…