Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-G-3 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-G-3

69956

94108

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

           

          1. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің  бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Өзіне жүктелген міндеттер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын және өтініштерін қарап, жауаптарын уақтылы береді. Шаруашылық  (фермер)  қожалықтарының  кітаптарын жүргізу.Шаруашылық  кітаптарын  жүргізу;Үй іргелік  жердің  және есебін жүргізу.Ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру;  Ауыл шаруашылығы қатынастарын реттеу. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін  ұйымдастыру. Жүйелі түрде ауыл шаруашылығын қолдау бойынша мемлекеттік шараларды, соның  ішінде «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламаларын, түсіндіру бойынша   жұмыстар жүргізеді.  Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру мақсатында қолданыстағы ҚР ӘҚБк 386, 505 -баптарына сәйкес, елді мекендердің  аумақтарын абаттандыру,сондай-ақ елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу,  жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларынбұзған тұлғалардан айыппұл өндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ісқағаздардың  номенклатурасы бойынша  міндеттелген іс қағаздарын  жүргізеді  және  оның  сақталуы  мен мұрағатқа  өткізілуіне  жауапты.  Ауылдық округ әкімінің  берген басқа да  тапсырмаларын  орындайды.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  экономика және бизнес ( экономика,  есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары), құқық (құқықтану мамандығы), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтары), техникалық ғылымдар және технологиялар (ауыл шаруашылық құрылысы, биотехнология мамандықтары)  бойынша.

         

          2. Түркістан қаласы әкімдігінің Жібек Жолы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Ауылдық округте Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің және қала әкімінің, ауыл әкімінің  құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындауын жүзеге асырады. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын орындауға көмек береді. Ауыл округіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады. Шаруа немесе фермер қожалықтарының есепке алу дәптерін жүргізеді. және кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi. Елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды атқарады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты   ұйымдастырады. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi. Ауылдық округінің коммуналдық қызметтеріне жауапты. Елді мекен және ауыл шаруалық жерлерін беру, бөлу жұмыстарын  жүргізеді қамтамасыз етеді. Елді мекендердің абаттандыру қағидаларына бұзу және «жасыл желектерді» күтіп ұстау қағидаларын бұзуларын анықтап айыппұл салуды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  құқық (құқықтану мамандығы), экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, менеджмент  мамандықтары), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия мамандығы), ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандықтары), техникалық ғылымдар және технологиялар (азық түлік өнімдерінің технологиясы, құрылыс мамандықтары), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр мамандықтары)  бойынша.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; білімі туралы құжаттар және олардың көшірмелерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, денсаулығы туралы анықтамалардың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…