Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-4

73288

99106

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

            1. Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің   бас маманы (E-R-4 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. ҚР наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Жасөспірімдер арасында СПИД, нашақорлықты болдырмау бойынша жұмыстарды атқарады. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бағдарламасын жүзеге асырады, мектептердегі тәртібі қиын, есепте тұратын оқушылармен жұмыс жасайды, атқарылған жұмыстар туралы есептерді тапсырады. ІІБ жанындағы жасөспірімдер инспекциясымен бірлесе суицид, құқық бұзушылықты болдырмау шараларын ұйымдастырады және оқушылармен болған келеңсіз жағдайлар туралы құжатарды дайындап, облыстық білім басқармасына тапсырады. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырады. Жолда жүру, өрт сөндіру ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету жұмысына жетекшілік жасайды. Мектептен тыс мекемелердің жұмыстарына жетекшілік жасау, есептерін жинақтау және тәрбие бойынша түрлі мәліметтерді дайындау. Мектеп директорынның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмысына жетекшілік жасайды. Қала көлемінде өтетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Мектептердегі «Соңғы қоңырау» , «Алғашқы қоңырау» мерекелерінің өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Патриоттық тәрбие жұмыстарын, іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалайды. Қалалық «Жыл сынып жетекшісі»байқауын ұйымдастырады Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек беру жұмысын жүргізеді. Мектепке дейінгі мекемелер желісін көбейту жұмысына қатысады, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы бойынша дайындалатын есептерді дайындау жұмысына жетекшілік жасайды; мектепке дейінгі білім беруге бағытталған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Балабақшалар жұмысына жетекшілік жасайды, балабақшаларға жолдама беру жұмысына қатысады. Қызметтік міндеттеріне сәйкес түскен арыз шағымдарды тексеру жұмыстарына қатысады.Word, Excel, ЭҚАБЖ бағдарламасымен жұмыс істей білуі тиіс.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім (шет тілі: екі шет тілі, педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары), гуманитарлық ғылымдар (филология мамандығы), экономика және бизнес ( мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандығы) бойынша.

            2. Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің  бас маманы (E-R-4 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Бөлім басшысына қаланың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.  Қаладағы жолдардың қысқа дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды қадағалайды. Транспорттық инфроқұрылымды дамытуда ұсыныстар енгізеді. Қоғамдық көлік қатынастарды, ауданаралық, қала ішіндегі бағыттарды автокөлік пен жолаушылар және багажды тасымалдауды ұйымдастырады.  Қаладағы бағдаршам, жол белгілерін және аялдамалар туралы мәліметтерді жинақтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Қала көлемінде заңсыз тасымалдалдарды заңдастыру жұмыстарын жүргізеді; Қалада жарнама нысандарын орналастыруда рұқсат қағазын алу жұмыстарын ұйымдастырады; Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен жұмыстарды жүргізу.  Қала әкімінің тапсырмаларын уақтылы орындап мәлімет беруді ұйымдастыру.  Қала көлемінде орналастырылған бейне бақылау камераларын тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастырады.  Жоғарыдан келіп түскен тапсырмаларға, облыстық және жергілікті деңгейлерден келген хат-хабарларға уақтылы әрі сапалы жауап беруді қамтамасыз етеді.  Басқада  жүктелген міндеттерді атқарады. Word, Excel, ЭҚАБЖ бағдарламасымен жұмыс істей білуі тиіс.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес ( мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандығы), техникалық ғылымдар және технологиялар ( көлік, көліктік техника және технологиялар, технологиялық машиналар және жабдықтар, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандықтары) бойынша.

       3. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-бас есепшісі, Е-R-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қала және ауыл округі аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларсаласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау; Бөлімнің қызметшілеріне жалақыны есептеу және мерзімінде төлеу, заңда белгіленген мерзімде, қаржылық және бюджеттік есептіліктің дайындалуын, мерзімінде тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді; Бөлімдегі мемлекеттік сатып алудың, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алузаңнамасына сәйкес жоспарлау, орналастыру, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, құжаттарының заңдылығын қадағалайды; Бөлінген қаржының сапалы және мерзімінде игерілуін қамтамасыз ету; Мекеменің мүліктерін, шаруашылық материалдарын, кеңсе заттарын, материалдық құндылықтарын есепке алу және есептен шығарылуын қамтамасыз етіп, түгендеуді жүргізеді. Мерзімінде тиісті мекемелерге жолдайды; Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық  қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді; Жұмыс барысында «1С»,  «К2», ЭҚАБЖ  жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады; ҚР заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит  мамандықтары),

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; білімі туралы құжаттар және олардың көшірмелерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, денсаулығы туралы анықтамалардың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…