Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

            1. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының  бас маманы (E-R-4 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Қала және ауыл округі аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.  Атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тиісті құжаттарды стандартқа сәйкес жинақтау, көрсетілетін көмектің мерзімінде, мақсатты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Балаларға арналған жәрдемақыны,мемлекетік атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етеді, сектор қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, қызметтік міндеттерінің орындалуын қадағалайды, көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы статистикалық есептерді тиісті мемлекеттік мекемелерге мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарғаәлеуметтік  көмек тағайындау үшін нормативтік-құқықтық актілер негізінде  жұмыстарды ұйымдастырып, орындалуын қамтамасыз етеді; Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жүргізеді.  «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек алу үшіннормативтік-құқықтық актілер негізіндеазаматтармен тиісті жұмыстар атқарып, ШАК тағайындап, төлеуге құжаттарды дайындайды; Сектордың қызметін басқарады, секторға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларын жүзеге асырылуын, секторда мемлекеттiк және еңбек тәртiбiнің сақталуын қамтамасыз етеді, қолданыстағы нұсқаулар сәйкес, сектордағы құжат айналымына, іс жүргізу жұмысына бақылау жасап, тікелей жауап береді. Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық  қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді;Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді.  Бөлім басшысы және басшысының орынбасары қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды орындайды, орындалуы бойынша есеп береді. Жұмыс барысында  «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «Әлеуметтік көмек көрсету» базасында,  «Е-собес», «Е-әкімдік», ЭҚАБЖ  жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады;

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану мамандығы), экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит  мамандықтары), білім (информатика мамандығы).

 

          2. Түркістан қаласы әкімдігінің Cауран ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Бекітілген  бюджеттік  бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округ әкімі аппаратының  қаржысын  өз мақсатында  дұрыс  әрі  үнемді  пайдалануын қамтамасыз  етеді; Бухгалтерлік есепті  жүргізу  мен  жетілдіруге арналған  шараларды  іске асырады; Ауылдық округ  әкімі  аппараты  қызметкерлерінің еңбек  ақыларын, кестеге сәйкес  еңбек  демалыстарының дұрыс  есептелуіне жауапты болады; Мемлекеттік сатып  алу  веб-порталына  ай сайын 1-ГЗ есебін, шағын кәсіпкерлік    субьектілердің  есебін, қазақстан  мазмұн  көлемдері  туралы  жылдық  жоспарын нақты  орындалу  есебін электронды  құжат  түрінде  береді; Салық есептіліктерін дұрыс толтырылуын және уақтылы салық басқармасына аударылуын қамтамасыз етеді;Сауран ауылдық округі әкімінің аппаратында қабылданған ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау кіреді.Бас маман-бас есепшінің міндеттерінеҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді. Word, Excel, ЭҚАБЖ, Парус, 1-С бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  экономика және бизнес ( экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары)  бойынша.

          3. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалыста болу кезеңіне) ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Ауылдық  округ әкімі  аппаратының  бюджеттін  жоспарлайды,  бюджеттік бағдарламаларын  әзірлейді  және де  тиісті  мәслихатқа  бекіту  үшін  жоғары  тұрған әкімдікке ұсынуды ұйымдастырады; Жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық  мәслихат сессияларының жұмыстарына қатысады; Ауылдық округ әкімі аппаратының барлық бухгалтерлік жұмыстарын жүргізеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округ әкімі аппаратының  қаржысын өз мақсатында дұрыс әрі үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді; Экономикалық даму көрсеткіштерін және Қазақстан  Республикасы заңдарын, Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлықтары  мен жоғарғы тұрған органдардың  қала, ауылдық округ  әкімдерінің  актілерін  өз өкілеттігі  шеңберінде  орындайды; Бекітілген  бюджеттік  бағдарламалардың  орындалуын, ауылдық округ  әкімі  аппаратының  қаржысын  өз мақсатында  дұрыс  әрі  үнемді  пайдалануын  қамтамасыз  етеді  және оған жауапты; Ауылдық округ  әкімі  аппараты  қызметкерлерінің еңбек  ақыларын, кестеге  сәйкес  еңбек  демалыстарының дұрыс  есептелуіне жауапты; Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі; Өз құзыреті шегінде талап ететін барлық есептерді қалалық статистика басқармасына тапсыруды қамтамасыз етеді; Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді;  Word, Excel, ЭҚАБЖ, Парус, 1-С бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша

          4. Түркістан қаласы әкімдігінің Үшқайық  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Әскери міндеттілермен есептеулер және жұмылдыру жұмыстарын   жүргізеді. Ауылдық округ жастарына, әскер қатарына шақыру қағазын уақытылы жеткізіп береді. Әскер жасына толғандардың есебін нақтылап, Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге  тапсырып отырады және келісім шарт арқылы әскер қатарына баратын азаматтармен жұмыс жүргізеді.  ҰОС мен ауған соғысына қатысушылар және оған теңестірілгендермен жұмыстар             жүргізеді.  Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдени  және           спорттық іс  шаралар ұйымдастырады. Жастар саясатын іске асыруға байланысты жұмыстарды жүргізеді.  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді. Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау  мақсатында ауыл округіндегі учаскелік инспектрмен бірлесіп жұмыс   жүргізеді.  Ауылдық округ әкімінің басқада тапсырмаларын орындайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  құқық (құқықтану), экономика және бизнес ( экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары), білім (педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт)  мамандықтары бойынша.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; білімі туралы құжаттар және олардың көшірмелерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, денсаулығы туралы анықтамалардың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…