«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару

органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Е-G-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;**

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.**

E-R-4 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 12 мамырда № 15441 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-1

      142412   

192381

Е-G-2

92520

125028

Е-R-4

73288

99106

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:  Бөлімнің жұмыстарын ұйымдастыру  қаланың стратегиялық әлеуметтік-экономикалық даму концепциясын әзірлеу, бюджеттік жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру; Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын орындау бойынша мониторинг жүргізеді және әзірлейді; Экономикалық дәйектеме негізінде және қаланың  даму жоспарына сәйкес тиісті жылға бюджетке түсімдерді болжамдайды, жергілікті бюджеттің жобасын және орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жоспарлайды; Қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына, әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталған қаржы ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылау жасауды жүзеге асырады; Қала бюджетінің атқарылуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады; Экономикалық реформаларға, жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс және өзге де қорлық қаражаттарының жиналуы мен жұмсалуына талдау мен мониторинг жасауды жүзеге асырады; Салық, қаржы, несие, мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау жұмыстарын, қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталған қаржының мақсатты бөлінуін бақылайды; Бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы мерзімде бюджетке түсетін түсімнің көлемін анықтайды; Меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындардың экономикалық реформаларды жүзеге асыру, бюджеттік жоспарлау жұмыстарын үйлестіреді; Түсімдердің бюджетке түсуіне және бюджет қаражаттарының игерілуіне талдау жасау арқылы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады және жылдық соманың айларға бөлінуіне баға береді, қаржыландыру жоспарларына енгізілетін өзгерістер негіздемелерін қарайды, түсімдер және қаржыландыру жоспарларының орындалмау себебін анықтайды, қала бюджетінің атқарылуы туралы есебін құрастырады; Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкес айлық есептерді құрастыру және ұсыну, қала бюджетінің жылдық есебін әзірлеп, тиісті орындарға ұсынуды қамтамасыз етеді; Дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастырып, оны тиісті органдарға ұсынуды,  даму, инвестициялық жобалар  бюджетінің игерілуі барысына  мониторинг жүргізуді, қала бюджетінің атқарылуы жөнінде ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады; Қалалық коммуналдық меншіктегі мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізеді; Коммуналдық меншік нысандары мен мүліктік кешеннің тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; Коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды ресімдейді; Қалалық коммуналдық мүлікті жалға беру бойынша төлемақысының, яғни бюджет кірістерінің есебін жүргізеді; Иесіз нысандарды анықтау жұмыстарын ұйымдастырады және оларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін есепке алады; Мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық (қазыналық)  кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекттік үлесі бар шаруашылық серіктестіктер тізбесін жүргізеді; Мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізеді; Мемлекеттік сатып алу бойынша жиынтық есептерді әзірлеп, тиісті мекемелерге ұсынады; Экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы орындалуын қадағалайды; Өз басқаруындағы бөлімнің жұмысына басшылық етеді және жүзеге асырылуына жауапты болады. Бөлімбасшысының міндеттерінеҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын экономика және қаржы бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау, қаржы, әлемдік экономика мамандықтары) бойынша.

 

2. Түркістан қаласы әкімдігінің Үшқайық ауылдық округ әкімінің кеңесшісі     Е-G-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:  Жеке және заңды тұлғалардың өтініш, арыз-шағымдарын өз мерзімінде  қарауды ұйымдастырады;  Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын  ұйымдастырады;Жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарының есебін (1-ОЛ)  тоқсандық,  жылдық есептерін жүргізіп және базаға енгізіп қала әкімшілігінің жалпы бөліміне тапсырады; Ауыл әкімінің шешімдерін және өкімдерін жобаларын дайындайды;  Елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру, көгалдандыру және  санитарлық тазарту және сенбілік жұмыстарын ұйымдастырады;Ауыл округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау полигонының санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ұйымдастырады;Ауылдық округ әкімі  аппараты қызметкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде тиісті кеңестер беріп отырады;Ауылдық округінде төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны ҚКБ т.б) кезінде осы жағдайлардың алдын-алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырып, тиісті мекемелерге мәлімет беріп отырады;«Жасыл аймақ» бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;Ауыл әкімінің басқада тапсырмаларын орындайды;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Құқық (құқықтану мамандығы),  Экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика мамандықтары), ветеринария,  техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, автоматтандыру және басқару, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандықтары бойынша).

       3. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-бас есепшісі, Е-R-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қала және ауыл округі аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларсаласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау; Бөлімнің қызметшілеріне жалақыны есептеу және мерзімінде төлеу, заңда белгіленген мерзімде, қаржылық және бюджеттік есептіліктің дайындалуын, мерзімінде тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді; Бөлімдегі мемлекеттік сатып алудың, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жоспарлау, орналастыру, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, құжаттарының заңдылығын қадағалайды; Бөлінген қаржының сапалы және мерзімінде игерілуін қамтамасыз ету; Мекеменің мүліктерін, шаруашылық материалдарын, кеңсе заттарын, материалдық құндылықтарын есепке алу және есептен шығарылуын қамтамасыз етіп, түгендеуді жүргізеді. Мерзімінде тиісті мекемелерге жолдайды; Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық  қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді; Бөлім басшысына қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды орындайды, орындалуы бойынша есеп береді; Өз саласы бойынша қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда, тиісті шараларды қабылдау үшін бұл туралы бөлім басшысына, бөлім басшысының орынбасарына және тиісті құзырлы органдарды шұғыл түрде жазбаша хабардар етеді; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басќару және өзін-өзі басќару туралы» ҚР Заңына сәйкес, өз құзыретіне жататын басқа да міндеттерді орындайды; Қызметтік міндеттерді атқару кезінде, еңбекке уақытша жарамсыз болғаны туралы шұғыл түрде сектор меңгерушісіне хабарлайды және жұмысқа шыққаннан кейін бір күн ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырады; Дербес деректері (мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, білімі, отбасылық жағдайы туралы және т.б.) өзгерген жағдайда, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне хабарлайды; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 10-бабында көрсетілген міндеттерді орындайды; Жұмыс барысында  «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «1С»,  «К2», ЭҚАБЖ  жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады; ҚР заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит  мамандықтары),

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1)    "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні).

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының   2017  жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының  1-қосымшасынасәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…