Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108


І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

            1. Түркістан қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастарын реттеу секторының бас маманы (E-R-4 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Бөлімде азаматтардан тұрған үйлік мақсатта келіп түскен өтініштерін мерзімінде орындалуын қамтамасыз етеді, қала аумағында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізеді, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, жерге қатысты мәселелер бойынша қаулыларды заңға сәйкес әзірлеп, дайындайды, мемлекеттік мекеменің шаруашылық және саяси жұмыстарында атсалысып, іскерлік көрсете білуі тиіс, өзіне жүктелген міндеттер бойынша мәліметтерді уақытылы жинақтап сектор меңгерушісіне, бөлім  басшысына,   жоғарғы тұрған органдарға мәлімет беріп отырады, жердің нысаналы мақсатын ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындайды, бөлім басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауы тиіс, қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қаладағы мекемелермен бірлесіп жұмыс жасайды, жұмыс барысында Қазақстан Республика Заңдары мен Үкіметінің және жоғары тұрған органдардың  нормативтік құқықтық актілерін  қолданып, орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскесін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындайды, Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық ( құқықтану), экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, геодезия және картография), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр мамандықтары бойынша).

            2. Түркістан қаласы әкімдігінің Қарашық ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Ауылдық жердегі барлық ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, үй іргелік жерлерді есепке алу; Барлық жер иеленушілердің жер бөліктеріне заңды құжаттарының болуын қадағалау; Жер учаскелерінің пайдалану тәртібінің сақталуын, олардың белгілі мақсаттарға пайдалануын бақылау; Тұрғындарға үй-іргелік жер беруге тиісті құжаттарын реттеу; Жер пайдаланудағы орын алған заңсыздықтарға қажетті құжаттарды дайындап тиісті органдарға шара қолдануға ұсыну; Үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерін толтыруға көмектесу; Жеке және заңды тұлғалардың жер туралы өтініштерінің тіркелуіне және жауп берілуін ұйымдастырады. Жер телімдерін пайдалануда экологиялық талаптардың сақталуын қатаң қадағалау. Ауыл әкімшілік ғимарат және ауыл округіне қарасты басқада жерлерді өрттен сақтауды жер иелерімен бірге ұйымдастыру; Ауылдық округ бойынша тік су ұңғымаларын құжаттастыру жұмыстарын ұйымдастыру; Ауыл аумағында ауыл шаруашылық, үй іргелік, жер қойнауын пайдаланушының жерін экологиялық талаптарға, заңға сай пайдалануын анықтау жұмыстарын ұйымдастырып, талаптар бұзылған жағдайда тиісті мекемелерге хабарлауға. Ауылдық округтердегі заңды және жеке тұлғалардағы агроқұрылымдарды және олардың жер пайдалану жұмыстарының есептерін жүргізу;  Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:құқық (құқықтану, халықаралық құқық), экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), білім (математика, физика, информатика, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары), техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару мамандықтары), ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия, аграрлық техника және технология мамандықтары), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр мамандықтары бойынша).

            3. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Өзіне жүктелген міндеттер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын және өтініштерін қарап, жауаптарын уақтылы береді; Жер пайдаланушылар мен жерді жекешелендіргендер, ауылдық жердегі барлық шаруашылық егістік жерлерді есепке алып отырады; Барлық жер иеленушілердің жер бөліктеріне заңды құжаттардың болуын қадағалау. Ауыл округіндегі ауылшаруашылығы  және  елді мекен  ішіндегі  жерлер мен  оны  пайдаланушылардың жерге мемлекеттік  акт алуы  мен жерді  мақсатты  пайдалануының есебін  жүргізеді; Жерді  мақсатты  және  мезгілінде  пайдаланбағандар мен  жердің  құнарлығын беруге  төмендетіп, пайдаланбаған  жер  пайдаланушылардан жерді  алып қою жөнінде  қалалық жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияға  ұсыныс  жасайды. Жер  иеленушілер  мен пайдаланушыларға  Жер кодексінің  баптарын  түсіндіру және  олардың  орындалуын қадағалайды; Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; Жер  мәселесі  бойынша, арыз иелерімен түсіндіру  жұмыстарын  жүргізеді; Уәкілетті органды су қорғау аймағы және белдеу шекараларындағы режимнің  бұзылғандығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану салаларында  қолданыстағы заңнамалардың талаптарын бұзылғаны туралы уәкілетті органдарды дер  кезінде хабардар етеді; Ауыл округіндегі  елді мекендердің  жеке тұрғын үй құрылысы  мақсатындағы жерлердің  картасын бекітуге  ұсынады; Барлық жер иеленушілердің және салынып жатқан құрылыстардың жер бөліктеріне заңды құжаттардың болуын қадағалайды; Ауыл округінде мекенжай тіркелімі бойынша жұмыстарды орындайды. Ауыл округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сұраған азаматтармен жұмыс жүргізіп,арнайы кезек тізімін қалыптастырады,тиісті істерді жүргізіп отырады; Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындайды; Барлық жер мәселелеріне байланысты шешімдердің жобаларын әзірлеу,бекітуге ұсынады; Ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашылық кітаптарына жер мәселесіне байланысты деректердің(тұрғын үйлер жер көлемдері,кәсіпкерлік нысандар жер көлемдері  туралы т.б) уақытылы әрі нақты енгізілуіне жауапты; Ісқағаздардың  номенклатурасы бойынша  міндеттелген іс қағаздарын  жүргізеді және  оның  сақталуы  мен мұрағатқа  өткізілуіне  жауапты; Ауылдық округ әкімінің  берген басқа да  тапсырмаларын  орындайды; Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық, маркетинг, менеджмент), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр), техникалық (геодезия және картография) мамандықтары бойынша.

          4. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалыста болу кезеңіне) ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Ауылдық  округ әкімі  аппаратының  бюджеттін  жоспарлайды,  бюджеттік бағдарламаларын  әзірлейді  және де  тиісті  мәслихатқа  бекіту  үшін  жоғары  тұрған әкімдікке ұсынуды ұйымдастырады; Жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық  мәслихат сессияларының жұмыстарына қатысады; Ауылдық округ әкімі аппаратының барлық бухгалтерлік жұмыстарын жүргізеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округі әкімі аппаратының  қаржысын өз мақсатында дұрыс әрі үнемі пайдалануын қамтамасыз етеді; Экономикалық даму көрсеткіштерін және Қазақстан  Республикасы заңдарын, Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлықтары  мен жоғарғы тұрған органдардың  қала, ауылдық округ  әкімдерінің  актілерін  өз өкілеттігі  шеңберінде  орындайды; Бекітілген  бюджеттік  бағдарламалардың  орындалуын, ауылдық округ  әкімі  аппаратының  қаржысын  өз мақсатында  дұрыс  әрі  үнемді  пайдалануын  қамтамасыз  етеді  және оған жауапты; Ауылдық округ  әкімі  аппараты  қызметкерлерінің еңбек  ақыларын, кестеге  сәйкес  еңбек  демалыстарының дұрыс  есептелуіне жауапты; Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі; Өз құзыреті шегінде талап ететін барлық есептерді қалалық статистика басқармасына тапсыруды қамтамасыз етеді; Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді;  Word, Excel, ЭҚАБЖ, Парус, 1-С бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…