Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-5 санаты үшін:Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-R-5

64960

88279

E-G-3

69956

94108

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

            1. Түркістан қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Дене шынықтыру және спорт саласының дамуын, ұйымдастырылуын қадағалайды, бөлімнің жылдық жоспарының орындалуына жауапты, спорт саласы бойынша келіп түскен хаттардың орындалуына жауапты, бөлімде келісім шарт негізінле қызмет атқаратын қызметкердің жеке істерін  жүргізеді, ведомоствалық бағыныштығына қарамастан барлық спорттық мекемелерден,  мектептерден, оқу орындарынан, спорттық ғимараттары бар мекемелерден  жыл сайын ФК-2, ФК-5 формалары бойынша статистикалық есеп жүргізеді, істер номенклатурасы бойынша бекітілген құжаттардың жиынтығына жауапты,  1-ОЛ жұмыстарының орындалуына жауапты,  бөлімдегі бұйрықтарды дайындауға жауапты. Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), білім (дене шынықтыру спорт, құқық және және экономика негіздері), құқық( құқықтану) мамандықтары бойынша.

            2. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу секторының жетекші маманы (E-R-5 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Бала, қыз асырап алу туралы акт жазбасын «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде енгізу барысында заңдылықтың сақталуын және тиісті мерзімінде қамтамасыз етеді, мұрағат жұмыстарын жүргізуге жауапты; 7 түрлі куәліктерді қайталап беру. Әр айдың 10-күніне дейін азаматтық хал акт жазбаларының екінші даналарын облыстық статистика департаментіне жолдануын қамтамасыз етеді; Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған жеке тұлғалардың барлық өтініштерді  «АХАТ және Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі» бағдарламасы арқылы уақытылы орындайды; Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде қолданылатын заңдылықтың бірыңғай тәжірбиесін зерделейді, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша талдаулар жасайды; Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарын өндеу мен мұқабалау жұмыстарын жүргізеді, мұрағаттық қордың тізімдемесін жасайды; Азаматтық хал актілері жазуларына өзгертулер, түзетулер мен толықтырулар туралы хабарламалар негізінде азаматтық хал актілері жазуларына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыстарын жүргізеді; Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында туындаған арыздар бойынша сенімхат арқылы сотта басқарманың мүддесін қорғайды;Сектордың  мұрағатындағы азаматтық хал актілері жазбаларының сақталуына жауапты; “Қызмет бабында пайдалану үшін” белгісі бар құжатпен жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтар №51 қбп Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесі»-нің талаптарын сақтайды. Кіріс-шығыс құжаттардың электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі /ЭҚАБЖ/ арқылы уақытылы жүргізеді; Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

            3. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Өзіне жүктелген міндеттер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын және өтініштерін қарап, жауаптарын уақтылы береді; Жер пайдаланушылар мен жерді жекешелендіргендер, ауылдық жердегі барлық шаруашылық егістік жерлерді есепке алып отырады; Барлық жер иеленушілердің жер бөліктеріне заңды құжаттардың болуын қадағалау. Ауыл округіндегі ауылшаруашылығы  және  елді мекен  ішіндегі  жерлер мен  оны  пайдаланушылардың жерге мемлекеттік  акт алуы  мен жерді  мақсатты  пайдалануының есебін  жүргізеді; Жерді  мақсатты  және  мезгілінде  пайдаланбағандар мен  жердің  құнарлығын беруге  төмендетіп, пайдаланбаған  жер  пайдаланушылардан жерді  алып қою жөнінде  қалалық жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияға  ұсыныс  жасайды. Жер  иеленушілер  мен пайдаланушыларға  Жер кодексінің  баптарын  түсіндіру және  олардың  орындалуын қадағалайды; Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; Жер  мәселесі  бойынша, арыз иелерімен түсіндіру  жұмыстарын  жүргізеді; Уәкілетті органды су қорғау аймағы және белдеу шекараларындағы режимнің  бұзылғандығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану салаларында  қолданыстағы заңнамалардың талаптарын бұзылғаны туралы уәкілетті органдарды дер  кезінде хабардар етеді; Ауыл округіндегі  елді мекендердің  жеке тұрғын үй құрылысы  мақсатындағы жерлердің  картасын бекітуге  ұсынады; Барлық жер иеленушілердің және салынып жатқан құрылыстардың жер бөліктеріне заңды құжаттардың болуын қадағалайды; Ауыл округінде мекенжай тіркелімі бойынша жұмыстарды орындайды. Ауыл округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сұраған азаматтармен жұмыс жүргізіп,арнайы кезек тізімін қалыптастырады,тиісті істерді жүргізіп отырады; Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындайды; Барлық жер мәселелеріне байланысты шешімдердің жобаларын әзірлеу,бекітуге ұсынады; Ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашылық кітаптарына жер мәселесіне байланысты деректердің(тұрғын үйлер жер көлемдері,кәсіпкерлік нысандар жер көлемдері  туралы т.б) уақытылы әрі нақты енгізілуіне жауапты; Ісқағаздардың  номенклатурасы бойынша  міндеттелген іс қағаздарын  жүргізеді және  оның  сақталуы  мен мұрағатқа  өткізілуіне  жауапты; Ауылдық округ әкімінің  берген басқа да  тапсырмаларын  орындайды; Word, Excel, ЭҚАБЖ жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, маркетинг, менеджмент), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр), техникалық (геодезия және картография) мамандықтары бойынша.

            4. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалыста болу кезеңіне) ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Ауылдық  округ әкімі  аппаратының  бюджеттін  жоспарлайды,  бюджеттік бағдарламаларын  әзірлейді  және де  тиісті  мәслихатқа  бекіту  үшін  жоғары  тұрған әкімдікке ұсынуды ұйымдастырады; Жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық  мәслихат сессияларының жұмыстарына қатысады; Ауылдық округ әкімі аппаратының барлық бухгалтерлік жұмыстарын жүргізеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округі әкімі аппаратының  қаржысын өз мақсатында дұрыс әрі үнемі пайдалануын қамтамасыз етеді; Экономикалық даму көрсеткіштерін және Қазақстан  Республикасы заңдарын, Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлықтары  мен жоғарғы тұрған органдардың  қала, ауылдық округ  әкімдерінің  актілерін  өз өкілеттігі  шеңберінде  орындайды; Бекітілген  бюджеттік  бағдарламалардың  орындалуын, ауылдық округ  әкімі  аппаратының  қаржысын  өз мақсатында  дұрыс  әрі  үнемді  пайдалануын  қамтамасыз  етеді  және оған жауапты; Ауылдық округ  әкімі  аппараты  қызметкерлерінің еңбек  ақыларын, кестеге  сәйкес  еңбек  демалыстарының дұрыс  есептелуіне жауапты; Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі; Өз құзыреті шегінде талап ететін барлық есептерді қалалық статистика басқармасына тапсыруды қамтамасыз етеді; Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді;  Word, Excel, ЭҚАБЖ, Парус, 1-С бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…