«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы  ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; *

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4)ғылыми дәрежесінің болуы;*

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

Е-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) осы лауазымдағы нақты функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Е-R-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

      4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-2

103782

140298

Е-R-1

109548

147986

Е-3

102436

138248

Е-R-2

98017

132611

І. Түркістан қаласы әкімінің аппараты

161200, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы №3-үй, тел: 4-27-66,тел/факс 4-27-66, электрондық пошта  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." style="color: #000000;">Personal_ТЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Е-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі және облыс әкімдерінің орынбасарлары,  қала әкімінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде жұмыстарды жүзеге асырады. Қала әкімі аппаратында және  қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы кадрлық саясаттың заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз етеді. Қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастырады. Қала әкімдігінің селекторлық, ай сайын әкімдік және  қала әкімінің апталық мәжілістерін ұйымдастырылуын қадағалайды. Қалалық мәслихатпен бірлесе отырып, сайлау, бюджет мәселелерінің жүзеге асырылуын үйлестіреді. Бекітілген комиссиялардың  жұмыстарын үйлестіреді. Өз құзіреті шегінде тиісті бөлімдердің жұмыстарына жетекшілік етеді. ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық, білім, техникалық, филология мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының  Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет қатынастарды реттейтін бұйрықтарды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін қажетті басқа да міндетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

2. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Мұқтаж азаматарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу жұмысын бақылайды.ҰОС ардагерлеріне, аз қамтамасыз етілген азаматтарға,  мүгедектерге, зейнеткерлерге, жалғызілікті қарттарға  әлеуметтік көмек көрсетілу барысын қадағалайды. Азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстарын үйлестіреді. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша жәрдемдеседі және жұмыссыздықты төмендету бойынша басқа да шараларды қарастыруды қамтамасыз етеді. ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ  жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық, экономикалық, халықаралық қатынастар мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының  Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет қатынастарды реттейтін бұйрықтарды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін қажетті басқа да міндетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

3. Түркістан қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Селекторлық, апталық мәжілістердің және лездемелердің хатшылығын жүргізеді, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларын жинақтайды, апталық мәжілістердің материалдарын жинақтап, әзірленген материалдарды қала әкіміне ұсынады, облыс әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылайды, өз құзіреті шегінде жетекшілікке бекітілген дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіреді, ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Халықаралық қатынастар, филология, құқық, экономикалық, техникалық, білім, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының  Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет қатынастарды реттейтін бұйрықтарды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін қажетті басқа да міндетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

4. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Президент Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдерін, қаулыларын және өзге де нормативтік актілерді, сондай-ақ бөлімнің ережесін басшылыққа алады. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылайды. Бөлімнің қызметкерлерінің еңбек тәртібін және әдеп кодексіне сай жүріп-тұруын қадағалайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының атқарылуы қадағалайды. Кіріс-шығыс құжаттардың электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі /ЭҚАБЖ/ арқылы уақытылы жүргізуін қадағалайды. ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ, «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «Әлеуметтік көмек көрсету» базасында, АТП, «Е-собес» жүйесінде  жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық, экономикалық мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін төмендегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу,  «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152  Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, «Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы №12/81-V шешімін, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығын, «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңын, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығын, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы.

5. Түркістан қаласы әкімінің көмекшісі, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қала әкімінің жұмысын және жеке қабылдауларын, жыл сайынғы есеп беру бойынша халықпен кездесулерді ұйымдастырады; өз құзіреті шегінде қала әкімінің қызметіне жәрдемдеседі; ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Халықаралық қатынастар, филология, құқық, экономикалық, техникалық, білім, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының  Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет қатынастарды реттейтін бұйрықтарды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін қажетті басқа да міндетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні).

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…