Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң “Мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекiту туралы” 2012 жылдың 21 ақпанындағы №57 бұйрығының негiзiнде “Түркiстан қаласы әкiмдiгi бiлiм бөлiмiне қарасты

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң “Мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекiту туралы” 2012 жылдың 21 ақпанындағы №57 бұйрығының негiзiнде “Түркiстан қаласы әкiмдiгбiлiм бөлiмiне қарасты “Кешкі мектеп” коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң директоры бос лауазымына

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс өткiзу мерзiмi: Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмосы хабарландыруды жариялағаннан кейiн 15 жұмыс күнөткен соң белгiлейдi.

Конкурс өткiзiлетiн орын:Түркiстан қаласы, Әйтекеби көшесi, №29. Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi.

Мекеменiң мекен-жайы:Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түркiстан қаласыС.Ерубаев көшесі, №3/7.

Қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: Жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлiнiң 5 жылдан кем болмауы немесе бiлiм беру ұйымының бейiмiне сәйкес бiлiм беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтiлiнiң 5 жылдан кем болмауы; бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санатының болуы, облыстық бiлiм басқармасының кандидатура бойынша келiсiмнiң болуы, сотталмаған болуы тиiс.

Лауазымдық жалақы мөлшерi: Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 93538 теңгеден 111916 теңгеге дейiн.

Бiлуге мiндеттi:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан РеспубликасыныңБiлiм туралы”, Қазақстан РеспубликасыныңБала құқықтарын қорғау туралы”, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы”, Қазақстан РеспубликасыныңТiл туралы”, “Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақылар туралы”, “Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы”, “Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралыЗаңдарын, Қазақстан РеспубликасыныңҚазақстан Республикасындағы Еңбеккодексi туралыЗаңымен бiлiм мекемелерi бойынша басқада нормативтiк құқықтық актiлер, педагогиканы, педагогикалық психология, жас мөлшерлiк физиология, мектеп гигиенасы, жаңа психологиялық-педагогикалық ғылым және тәжiрибе жетiстiктерi, әлеуметтану, экономика және қаржылық жауапкершiлiк қызметiн ұйымдастыру, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техника ережелерi мен нормалары, өндiрiстiк санитариямен өртке қарсы қорғану ережелерiн бiлуге мiндеттi.

Конкурсқа қатысу үшiн төмендегiдей құжаттар қажет:

1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тiркеу орнын, нақты тұратын жерiн, байланыс телефондарын көрсетумен қоса белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

2. Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшiрмесi;

3. Нотариалды куәландырылған бiлiмi туралы құжат көшiрмесi;

4. Нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

5. Бұрынғы жұмыс орны кадр қызметi куәландырған фото мен кадрды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;

6. Бар жазалармен көтермелеулердi көрсетеотырып бұрынғы жұмыс орнынан өндiрiстiк мiнездеме;

7.Нотариалды куәландырылған бар бiлiктiлiк санат немесе ғылыми дәрежесi туралы құжат көшiрмесi;

8. Белгiленген үлгiдегi денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

9. Сотты болмағандығы туралы анықтама.

Аталған құжаттардың бiрiнiң болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негiз болуы мүмкiн.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiк арттыру, ғылыми зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректi расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиiсОҚО, Түркiстан қаласы, Әйтеке би көшесi, №29. Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi. Анықтама телефоны: 872533-3-30-87. Электронды мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қажеттi құжаттарды қабылдау мемлекеттiк тiлде қалалық басылымда конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 жұмыс күнi өткен соң тоқтатылады.

Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…