«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру (2)

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы  ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*          

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-R-2 127421 172393

І. Түркістан қаласы әкімінің аппараты

161200, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы №3-үй, тел: 4-27-66,тел/факс 4-27-66, электрондық пошта  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Personal_ТЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:Қала көшелерінің, саябақтарының, алаңдарының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; бөлімдегі бұйрықтарды рәсімдеу жұмыстарын қадағалау; тиісті аумақтан азаматтардан келіп түскен арыз өтініштер бойынша жұмыс жүргізу;  мұрағат және  іс қағаздарының құжаттарын қадағалау;  «Lotеs Notes» және «Айқын» бағдарламаларын қадағалау; жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шараларды өткізуді қадағалау; ретсіз сауда орындарын ретке келтіруін қадағалау; көріктендіру мен көгалдандыру мәселелер туралы мәліметтерді игеру жұмыстарын үйлестіру; санитарлық нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етуді қадағалау; тиісті аумақта халық саны туралы мәліметті түгендеу жұмыстарын үйлестіру; көгалдандыру жұмыстарын жүргізу нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етуді қадағалау; тиісті аумақта ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына көмектесу;  ауыл, көше ағаларымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс жүргізуді қадағалау;  төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру;  «Жасыл аймақ» бағдарламасының орындалуын қадағалау; қаланы көріктендіру, абаттандыру жұмыстарын қадағалау; қала көшелерінің түнгі уақыттарда жарықтандыруды қамтамасыз ету; қала аумағын абаттандыру мәселелері бойынша мәліметтерді қалыптастыру жұмыстарын заңдастыру; тұрғын үй шаруашылығы саласындағы қызметтердің, тапсырмалардың орындалуын және жүзеге асырылуын қадағалау;  ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін төмендегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Су кодексі», Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі», Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар мен  реттелетін нарық туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы, Республикасы Қаржы министрінің "Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы" бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы Қаулысы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері"  бұйрығы.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні).

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…