Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

xabarlandyruТөменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;     мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.*

E-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы*.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда №12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 
min max
E-R-4 73288 99106
E-G-3 69957 94108

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

           

            1. Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің инженерлік жүйелер секторының бас маманы ( E-R-4 санаты)  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерін жүргізуді , қаланың көп қабатты тұрғын үйлерін жылу маусымына дайындау жұмыстарын, электр энергиясын, канализация, сумен жабдықтау жұмыстары туралы мәліметтерді қалыптастыру мен заңдастыруды, қаладағы электр қуатын және қала аумағында газбен қамтамасыз етуді, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер және автономды жылу жүйесіне қосылған бюджет мекемелерді жылу маусымына дайындау жұмыстарын, қаладағы ауыз су құбырлары, ұңғылар, канализация және өзге де  нысандарының жұмыстарын, газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, энергия үнемдеу бағдарламасымен жұмыс жүргізеді,

тиісті аумақтан азаматтардан келіп түскен арыз өтініштерге мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз етеді, тұрғын үй шаруашылығы саласындағы қызметтерін жүзеге асырады, ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ  жұмыс істей білуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:техникалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптарын, Қазақстан Республикасының «Су кодексі», Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі», Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар мен  реттелетін нарық туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін қажетті басқа да міндетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

2. Түркістан қаласы әкімдігінің Сауран ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ( E-G-3 санаты)  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді, тарихи  және  мәдени  мұраны  сақтау  жөнінде  жұмысты  ұйымдастырады, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жүргізеді, ауыл округінде төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстарын үйлестіреді, ауыл округіндегі  қоғамдық  және  діни бірлестіктермен  жұмыс  жүргізеді, аппараттағы іс-қағаздарды  жүргізеді, реттейді  және  хат айналымының жүргізілуін  қадағалайды, салықтардан  жиналған  қаржының   дер  кезінде  бюджетке  түсіріп  отыруды қамтамасыз  етеді, салықтарды  жинау  қатаң есептілік  құжаты  болып табылатын  квитанция (түбіртек) негізінде   жүзеге асырылады, квитанциялардың  (түбіртек) дұрыс берілуіне  жауапты, бір  жолғы талондарды  беруді  ұйымдастырады  және  бір  жолғы  талондарды өткізуден  түскен  қаржының толық жиналуын  қамтамасыз  етеді,  жеке  тұлғалардан  жер, мүлік және  көлік  салықтарын  өз уақытында  жинауды қамтамасыз  етеді, ауыл округіндегі  салық төлеушілердің  толық  есебін  жүргізеді  және  олардың салық  органдарына  уақтылы  тіркелуін  қамтамасыз  етеді, әр тоқсан сайын ауылдық округі бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша  қалалық  экономика  бөліміне  мәлімет  тапсырады, жастар ісі және діни экстремизммен айналысады, ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ, «Е-қызмет» ПБЫАЖ жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының  заңнамасын білу талаптарын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін төмендегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»кодексі, Қазақстан Республикасының  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң  қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет қатынастарды реттейтін бұйрықтарды білуі тиіс.

3. Түркістан қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалыста болу кезеңіне) ( E-R-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысына бағынышты, оның бұйрықтарын, тапсырмаларын орындайды және бөлім басшысынан қызмет барысында нұсқауларын алады; Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді  ұйымдастыру және жүзеге асыру; Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, жергілікті атқарушы органына ақпарат беру; жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді  ұйымдастыру және жүзеге асыру;  Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, републикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну; Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру; Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру; Күнделікті бөлімге келіп түскен хат және т.б. тапсырмаларды уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ветеринария мамандығы бойынша

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының  заңнамасын білу талаптарын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін төмендегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңын білуі тиіс.

4. Түркістан қаласы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалыста болу кезеңіне) ( E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік жоспарлау және орындау; Бюджеттік бағдарламаларды   әзірлеу   және  тиісті мәслихатта  бекіту  үшін жоғары тұрған әкімиятқа ұсыну; Жергілікті бюджетті   бекіту   кезінде  қалалық   мәслихат    сессияларының жұмыстарына қатысу; Бухгалтерлік есепті жүргізу мен жетілдіруге арналған шараларды іске асыру; Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округі   әкімі аппаратының  қаржысын өз мақсатында дұрыс әрі үнемі пайдалануын қамтамасыз ету; Экономикалық даму көрсеткіштерін орындау, ДК, Word, Excel, ЕҚАБЖ жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық мамандықтары бойынша

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының  заңнамасын білу талаптарын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін төмендегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.Тurakimat.gov.kz

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…