Түркістан қаласындағы білім беру саласы туралы мәлімет

 

Түркістан қаласындағы білім беру саласы туралы мәлімет

 

Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 35 мектеп (26 жалпы орта мектеп, 1 мектеп-лицей, 5 мектеп-гимназия, 1 аймақтық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 2 бастауыш жекеменшік мектеп) 5 мектептен тыс мекеме, 55 балабақша (оның ішінде 34 жекеменшік) жұмыс істейді.

Саралап айтар болсақ, 35мектепте 36887 оқушы білім алуда. Тілдік жағынан қарасақ, 18 мектеп таза қазақ тілінде, 17 мектеп аралас тілде білім береді.

Мектепке дейінгі мекемелердің жағдайына тоқталсақ, мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда 6640 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен қатар, мектеп жанынан ашылған 30 шағын орталықтарда 5054 бала тәлім мен тәрбие алуда.

Қалада «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Саз мектебі», «Өнер мектебі», «Жас туристер станциясы» және «Қолөнер мектебі» жұмыс атқарады. Онда 2875 оқушы түрлі үйірмелерге қатысып, қосымша білім алуда.

Түркістан қаласындағы білім бөліміне қарасты мекемелерде 3403 мұғалім жемісті еңбек етеді. Ұстаздарымыздың 3350-і жоғары білімді болса, 53 мұғалім орта арнаулы білімге ие. 972 мұғалім жоғары санатқа, 936 мұғалім І санатқа, 934 мұғалім ІІ санатқа ие болса, 561 мұғалімнің санаты жоқ.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…