ЖОБА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен  болып танылған

иесіз  қалдықтарды басқару

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.  

2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                             

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                           Ғ.Сарсенбаев

 

Түркістан қалалық

мәслихатының 2017

жылғы _______________  №__________   шешіміне қосымша

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің

20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Иесіз қалдықтарды басқаруды облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын және оларды басқаратын орган ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган болып белгіленеді.

5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

 

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

 

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Түсініктеме

        Түркістан қаласы мәслихатының шешімі негізінде бекітілген жәнесот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібін инвесторларды тарта отырып ҚТҚ қайта өңдеуге болады. Бұл жұмыс қаланың-санитарлық тазалығына оң әсерін тигізеді.

        Жергілікті атқарушы органдар халық арасында жергілікті БАҚ құралдары   арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп көше бойларына және кезкелген жерге қатты тұрмыстық қалдықтарды тастамай, оны арнайы өңдейтін орынға өткізі керектігі айтылуда. Мысалы алсақ Түркістан қаласында бүгінгі таңда ҚТҚ –ды қабылдау және қайта өңдеу жұмыстарымен ИП «Датқа» айналысуда.

        ҚТҚ жиынтығынан қайта өңдеу барысында бір жағынан көше бойында қордаланған ҚТҚ қалдықтар жойылып, екінші жағынан  қайта өңдеу барысында басқа да халыққа қажетті заттар шығарылып халықтың тұтынуына жолданатын болады.

         Осындай қайта өңдеу цехтары қалада көптеп ашылса, жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып халықтың әл-ауқаты артатын болады және қала көшелері де тазарып, қаланың көркі кірері сөзсіз.

 

              Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын

           үй-коммуналдық шаруашылық

           бөлімі ММ-ің басшысы                                                                 А.Асанов

 

 

 

ПРОЕКТ

ТУРКЕСТАНСКИЙ ГОРОДСКОЙ МАСЛИХАТ

 

Об утверждении правил

управления бесхозяйными

отходами,признанными

решением суда поступившими

в коммунальную  собственность

       В соответствии с подпунктом 3 статьи 19-1 Экологическго кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

1. Утвердить правилауправлениябесхозяйными отходами,признанными решением суда поступившими в коммунальную  собственностьсогласно приложению к настоящему решению.

       2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 

Председатель сессии

городского маслихата                                                        

Секретарь городского

маслихата                                                           Г.Сарсенбаев

 

 

Приложение к решению

Туркестанского

городского маслихата

от «___» ________ 2017 года №___________

 

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

        1.Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управлениябесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

        2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

       3.Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом города областного значения (далее – местный исполнительный орган).

       4. Для управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).

Органом по организации работ иуправлению отходами определяется исполнительный орган– государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства» акиматагородаТуркестан Южно-Казахстанской области, уполномоченный на осуществление функций в сфережилищно-коммунального хозяйстваи финансируемый из соответствующихместных бюджетов.

       5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными

решением суда поступившими в коммунальную собственность

       6.Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства  Республики Казахстан от 26 июля 2002 года

№ 833.

        7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

 

Пояснительная записка.

         В случае утверждения решением маслихата города Туркестан правила управления безхозяйственными отходами, признанными по решению суда поступившими в коммунальную собственность и проведением работ по ним, то будет возможность привлечение инвесторов на переработку твердо бытовых отходов (ТБО).

        Это работа окажет улучшению санитарного состояния города. Местные исполнительные органы будут проводить разъеснительные работы среди населения о том, что неразбрасывали  где попало мусор ТБО и не создавали стихийные свалки. Что, надо ТБО сдавать специальные цеха по переработке твердо бытовых отходов.

        При переработке ТБО, будет возможность использовать в неоходимых целях т.е изготовление сырья для производства необходимых товаров.  Настоящее время в городе Туркестан действует цех по переработке ТБО, ИП «Датка», который занимается приемом и переработкой ТБО.

        При реализации вышеназванной работы в созданных производствах  будут привлечены на работу население города. У жителей принятые на работу  будет возможность улучшить свое социальное состояние.

                 Руководитель ГУ отдела ЖКХ

              акимата г.Туркестан                                                     А.Асанов

        

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…