ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

 


sarsenbayev gapparСәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы 1974 жылы 6 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС президентінің көмекшісі болып бастады. 2006 жылдан Түркістан қалалық автовокзал директорының орынбасары болып қызмет істеді. 2007 жылдан бастап «Әзіріт Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында 2013 жылға дейін  қызмет атқарды.

2015 жылы  кезектен тыс 44 сессияда Түркістан қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды.

Білімі жоғары. 1999-2003 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінде  оқып, экономика және менеджмент мамандығын алды. 2010-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Академиялық-инновациялық университетінде оқып, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Құрмет грамотасымен, «Білім саласында мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне «Ел Тәуелсіздігіне -20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Отбасылы, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…