МӘСЛИХАТ ТУРАЛЫ

 


Қалалық мәслихаттың құрылуы

1994 жылғы  31 наурызда   өткен    бірінші    шақырылымдағы    Түркістан қалалық  мәслихат депутаттары жиналысының бірінші сессиясында құрамында 25 депутаты бар Түркістан қалалық мәслихаты құрылды.

Мәслихат хатшысы болып   Таңатаров  Асылбек  сайланды.

1997   жылы    15  шілдеде   өткен  16 сессияда   қала  мен  аудан мәслихаттарының қосылуына  байланысты мәслихаттың құрамында 50 депутат болды. Мәслихат хатшысы болып Юлдашев Гафур сайланды.

1999 жылы 15 қарашада құрамында 18 депутаты бар екінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы болды. Мәслихат хатшысы болып  Еркебалаев Зейнулласайланды.

2003 жылы 23 сәуірде өткен екінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 28 сессиясында Махмутов Таскүл мәслихат хатшысы болып сайланды.

2003 жылы 18 қазанда үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы болды. Мәслихат хатшысы болып Ереханова Роза сайланды.

2004 жылы 12 мамырда өткен үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бесінші сессиясында Махмутова Таскүл мәслихат хатшысы болып сайланды.

2007 жылы 5 қыркүйекте өткен төртінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында құрамында 18 депутаты бар Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Мәслихат хатшысы болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы сайланды.

2012 жылы 23 қаңтарда өткен бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында құрамында 18 депутаты бар Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Мәслихат хатшысы болып екінші рет Рысбеков Ғани Құрмашұлы сайланды.

2015  жылы  5 тамызда өткен бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәслихат хатшысы болып Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлысайланды.

Түркістан қалалық мәслихаты туралы

1994 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының жоғары Кеңесі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өтті. Міне сол уақыттан бастап, яғни 1994 жылғы 31 наурызда бірінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихат депутаттар жиналысының бірінші сессиясында 25 депутаттан тұратын Түркістан қалалық мәслихаты құрылып, өз жұмысын бастады. Сол бірінші сессияда мәслихат хатшысы болып, Таңғатаров Асылбек сайланды.

Ол кезде Түркістан қаласының әкімдігі мен Түркістан ауданының әкімдігі бөлек, дербес органдар еді. Осыған байланысты сол кезде, бірінші шақырылымдағы Түркістан аудандық мәслихат депутаттар жиналысның бірінші сессиясында Түркістан аудандық мәслихаты құрылды. Оның да құрамында 25 депутат болды. Аудандық мәслихат хатшысы болып Қарпықбаев Сатыбалды сайланды.

1997 жылы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы» заңына сәйкес Түркістан ауданы мен қаласы біріктірілген болатын. Осыған байланысты Түркістан қаласы мен ауданының мәслихаттары қосылып, құрамында 50 депутат болып, Түркістан қалалық мәслихаты қайта құрылды. Мәслихат хатшысы болып Юлдашев Гафур сайланды.

Екінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаты құрамында 18 депутат болып, 1999 жылдың 15 қарашасында қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы болды. Сол сессияда қалалық мәслихат хатшысы болып Еркебалаев Зейнулла сайланды.

Еркебалаев Зейнулла 2003 жылы сәуір айында  қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы болып ауысты. Осыған байланысты 2003 жылдың 23 сәуірінде өткен қалалық мәслихаттың 28 сессиясында Махмұтова Таскүл Махмұтқызы қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды.

Үшінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаты 2003 жылдың 18 қазанында құрылды. Бұл жолы қалалық мәслихат хатшысы болып Ереханова Роза Төлешқызы сайланды

Ереханова Роза қала әкімінің орынбасары болып ауысуына байланысты, 2004 жылдың 12 мамырында қалалық мәслихаттың бесінші сессиясында Махмұтова Таскүл Махмұтқызы мәслихат хатшысы болып сайланды.

2007 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы бойынша төртінші шақырылымдағы мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Осы шакырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы сайланды.

2012 жылы 23 қаңтарда өткен бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясында құрамында 18 депутаты бар Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Сол сессияда тағы да қалалық мәслихат хатшысы болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы сайланды.

2015 жылдың 1 тамызында Рысбеков Ғани Құрмашұлы қала әкімінің орынбасары болып ауысуына байланысты 5 тамыз күні өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясында 5-шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы сайланды.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…